ПРОФЕССОРЫМЫЗДЫҢ МОНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА
Бүгін М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ-де “Ұрпақтар сабақтастығы арқылы ұлттық дәстүрлерді сақтау” атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – заң мен тәртіпке, білім мен прагматизмге негізделген қоғам құруда қоғам қайраткерлері, ғылым және мәдениет саласының өкілдері, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу. Модераторлар:
• Қамышева Наталья Алексеевна, ҚИнЭУ ғылыми хатшысы; • Қуайшынова Алма Мұрзахметқызы, “Ауыл” партиясы аймақтық филиалының саяси кеңесінің мүшесі; • Абдрахманова Райхан Қазиқанқызы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚИнЭУ қауымдастырылған профессоры.
Іс-шараға қатысушыларды тіркегеннен кейін “Ұрпақтар сабақтастығы арқылы ұлттық дәстүрлерді сақтау” атты көрме шолуы өтті. Одан кейін философия ғылымдарының кандидаты, ҚИнЭУ профессоры Абдрахманова Райхан Қазиқанқызының “Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы құқық философиясы контексінде” атты монографиясының таныстырылымы болды. Іс-шара қонақтарын колледж студенті Нұралы Ожан “Балбырауын” күйімен қуантты. Күйден кейін “Горцы Ахыска” кавказ би студиясының әсерлі кавказ биін тамашаладық. Іс-шара соңында монография авторы Абдрахманова Райхан Қазиқанқызымен блиц-сұхбат өтті. Қорытындылай келе, ҚИнЭУ студенттері “Таспа” музыкалық нөмірімен қонақтарды қуантты.
Райхан Қазиқанқызы іс-шараның құрметті қонақтарына өзінің монографиясының бір данасын естелік ретінде сыйға тартты.
Іс-шара барысында қонақтар алдағы Республика күні мерекесімен және профессорымыздың монографиясының сәтті таныстырылымымен құттықтау сөздерін айтты. Айта кету керек, бұл ауқымды іс-шара Республика күніне орайластырылды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии