Күн тәртібінде - ауыл жастары арасындағы жұмыссыздық мәселесі
Бүгін, 2025 жылдың 14 наурызында Қостанай облыстық «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚИнЭУ Жастар саясаты Департаментінің директоры Жанар Сеилханқызы Нұрғазина қатысты. Күн тәртібінде - ауыл жастары арасындағы жұмыссыздық мәселесі қарастырылды. Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Гүлжанат Джамбулатовна Керібаева «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік бағдарламаларының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға арналған «Бастау Бизнес» жобасына тоқталды. 2024 жылы 17 мыңнан астам жастар жұмысқа орналасу үшін көмекке жүгінген, олардың 90%-ы жұмысқа орналастырылды немесе оқуға бағытталды. 2025 жылы 869 өтініш бергендердің 768-і жұмысқа орналастырылды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии