Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Міржақып Дулатұлына 140 жыл: «Өмірі мен өнегелі мұрасы»

Тобыл–Торғай өңірінде кең көлемде аталып жатқан ұлт ұстазы, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140- жылдық мерейтойы Қостанай қаласында «Өмірі мен өнегелі мұрасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасын тапты. Конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, филология ғылымдарының докторы, «Қазақ газеттері» ЖШС директоры Дихан Қамзабекұлы, Міржақыптың бейнесін сомдаған театр және кино актері Бақыт Бахтанұлы Қажыбаев, сондай-ақ ұлт арысының ұрпағы Бақберген Қасымұлы Өтеулин арнайы қатысты. Конференция аясында Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Онда жазушының сирек кездесетін фотосуреттері, қолжазбалары, көне басылымдарда жарық көрген еңбектері жұрт назарына ұсынылды. Алқалы жиын Алаш ардақтысының рухына Құран бағыштаумен басталды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтау сөзінде конференцияның ұлт руханияты мен мәдениетінің жаңғыруындағы ерекше маңызын атап өтті: – Бұл конференция тек Алаш арысын еске алу емес, оның идеяларын зерделеп, жас ұрпақтың бойына сіңірудің, дін мен мәдениет сабақтастығын дәріптеудің айрықша алаңы, -деді ол. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде Міржақыптың ұлт санасын оятудағы рөлін ерекше атап өтті: - Міржақып Дулатұлының «Оян,қазақ!» деп ұран тастап, елін білімге, өркениетке, әділетке, еркіндікке шақыруы - бүгінгі буын үшін де аса маңызды өнеге деп санаймыз. Кезінде Кеңес үкіметі бұл өлең жинағын шығаруға тыйым салғанда, медресе мен мешіт шәкірттері аса қырағылықпен, «Оян, қазақты!» қайта қолмен жазып, қолжазба нұсқасын халық арасында таратуға кеңінен ықпал етеді. Осы қолжазбалар әлі күнге дейін Ұлттық академия кітапханасында сақтаулы тұр, - деді өз сөзінде Бас муфти. Академик, алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы өз кезегінде конференцияның мазмұны мен бағыт-бағдарына жоғары баға берді. - Әр буын Міржақыптай тұлғалардың өмірі мен еңбегін жаңаша түсінуге, ұрпақ санасына жеткізуге міндетті. Бұл -тарих алдындағы парызымыз, – деді ғалым. Шара аясында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің 1–2 курс студенттері арасында өткен «Бақытсыз Жамал: таным және тағылым» атты эссе-байқауының жеңімпаздары марапатталды. 1 орынды және 150 мың теңгелік сертификатты «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасының студенті - Мерей Онайбекова, 2 орынды және 100 мың теңгелік сертификатты «Экономика» білім беру бағдарламасының студенті - Сағыныш Мурзахметова, 3 орынды және 70 мың теңгелік сертификатты «Менеджмент» білім беру бағдарламасының студенті - Гүлбахыт Шабанова иеленді. Міржақып Дулатұлының өмірі мен өнегелі жолы - бүгінгі ұрпаққа рухани бағыт, еркін ой мен елжандылықтың үлгісі болып қала бермек.

29 қазан 2025 жыл

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы