Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Ескертілген - демек қорғалған

Бүгін Қостанай облысы полиция Департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттерімен кездесіп, жастарға адам саудасы мен заңсыз жұмысқа тартудың қаупі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің мақсаты - студенттерді шетелге жұмысқа шақырту сылтауымен жасалатын алдап-арбау әркеттерінен сақтандыру. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қылмыстық топтар әлеуметтік желілер арқылы «жоғары жалақы», «шетелдік компаниядағы заңды жұмыс»деген жалған уәделермен азаматтарды, әсіресе жастарды алдап өз торына түсіреді. Әдетте қыз балаларға даяшы, аниматор, сатушы немесе үй қызметшісі секілді қарапайым да тартымды жұмыс түрлерін ұсынады. Бірақ мұндай «ұсыныстардың» соңы ауыр қайғыға ұласып жатады. Полиция қызметкерлері нақты мысалдар келтіріп, Қостанай облысының кейбір қыз балалары шетелге жұмыс істеуге кетіп, адам саудасының құрбанына айналғанын айтты. Олар құжаттарынан айырылып, еркінен тыс еңбекке жегілген немесе тіпті құлдыққа сатылған. Кездесу барысында студенттер өздерін және жақындарын қорғаудың қарапайым, бірақ маңызды қағидаларымен танысты. Атап айтқанда, шетелге шықпас бұрын жұмыс беруші компанияның заңдылығын тексеру, келісімшарттың мазмұнымен мұқият танысу, жеке құжаттарды бөтен адамдарға бермеу, сондай-ақ күмәнді жағдай туындағанда бірден полицияға хабарласу қажеттігі түсіндірілді.

28 қазан 2025 жыл

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы