Половников мектебі - ҚИнЭУ қонағы
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қостанай ауданының Половников жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қонақта болды. Демалыс уақыты кезінде мұғалімдердің осындай кәсіби-бағыт беру іс-шарасын ұйымдастыруы өте қуанышты жайт. Оқушылар университетімізбен жақынырақ танысып, оқу корпустарын аралап, зертханаларды өз көзімен көрді. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш оқушыларға университет пен ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледждің білім беру бағдарламалары туралы кеңінен айтып берді. Ол оқу барысында студенттерге берілетін мүмкіндіктерді - тәжірибеден өту базалары, академиялық ұтқырлық бағдарламасын, гранттар мен жеңілдіктер және студенттік өмірдің қызықты сәттерін ерекше атап өтті. Іс-шара соңында оқушылар үшін ҚИнЭУ туралы сұрақтардан тұратын «Kahoot» ойыны өткізілді. Презентацияны мұқият тыңдаған ең зейінді қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Половников мектебінің оқушыларын ҚИнЭУ студенттері қатарында көруге қуанышты боламыз!
https://www.instagram.com/p/DQWJZSfDDEx/
28 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии