Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Бір ел- бір тіл -бір диктант

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері республикалық ұлттық диктант жазды. Мемлекеттік тілді қаншалықты жақсы білетінін қазақтармен қатар өзге ұлт өкілдері де байқап көрді. Іс- шара алдында университет ректоры Арман Исмаилов қатысушыларға сәттілік тіледі. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин ҚИнЭУ ұжымы диктантта жақсы нәтиже көрсететіне сенім білдіріп, мәтінді сауатты жазуға шақырды. Қазақ тілін жоғары деңгейде білетін қатысышылар Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Оқу жайлы» мақаласынан алынған үзіндіні, ал мМемлекеттік тілде орташа деңгейде білетіндер Отан туралы мәтінді жазды. Республикалық «Ұлттық диктант» жобасы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлесітігінің бастамасымен Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Жоба туған тілге құрметпен қараудың, жазу нормалары мен сөйлеу мәдениетінің маңыздылығын еске салуға бағытталған. Қатысушыларға баға қойылған жоқ, әркім өз сауаттылығын өзі тексерді.

30 қазан 2025 жыл

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы