«QostanAI Conference» конференциядағы ҚИнЭУ тәжірибесі
Қостанайда «QostanAI Conference» атты конференция өтті. Іс-шара жасанды интеллект пен өңірлік даму тақырыбына арналды. Костанай инженерлік-экономикалық университетінің Цифрлық шешімдерді енгізу және АI бөлімінің web-бағдарламашысы Алмат Кушебаев конференцияда баяндама жасап, университетте жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен бөлісті. Өз баяндамасында Алмат Кушебаев AI-SANA бағдарламасы аясында әзірленген бес AI-агентке кеңінен тоқталды. Бұл агенттер университеттің негізгі процестерін автоматтандыру мен жетілдіруге бағытталған. Олардың қатарында: «Оқу навигаторы», «Талапкерді қолдау», «Пікірлерді талдау жүйесі», «Оқудан шығуын болжау», «Білім сапасын бақылау» бар. Спикер сондай-ақ жасанды интеллект агенттерін енгізудің жоғары тиімділігін атап өтіп, олардың университеттің цифрлық жетілу деңгейі мен басқару сапасын арттыруға қосқан үлесін ерекше белгіледі. Бұл – ҚИнЭУ-дың AI-SANA бастамасын белсенді түрде қолдайтынының айқын дәлелі.
30 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии