Жасампаздыққа және зандылыққа -30 жыл
Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Жасампаздық, заңдылық және прогресс жолында -30 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға еліміздің белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері: Қазақстанның ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері, оқу үздігі Ибраш Естаевич Естаев, Қазақстанның ғылым мен техника саласының еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзенбайұлы, Қостанай өңірлік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Максимович Легкий қатысты. Осы университеттің экономика және құқық Институтының мемлекет және құқық теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Сымбат Кенжебекұлы Укин кездесіге онлайн қосылды. Дөңгелек үстелге өңірдің жоғары оқу орындарының өкілдері, саяси партиялардың мүшелері, оқытушылар мен студенттер де қатысты. ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов өз сөзінде: - 30 жыл ішінде Парламент еліміздегі тұрақтылық пен даму, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында маңызды жұмыс атқарды. Осы кезеңде Парламент еліміздің байтақ байлығы мен жетістіктерін заңдармен бекітіп, еліміздің болашағы үшін негіз қалады, - деп атап өтті Дөңгелек үстел барысында қатысушлар Парламенттің мемлекеттік тұтастықты нығайтудағы, құқықтық жүйені дамытудағы және ел прогресін камтасыз етудегі рөліне тоқталды. Сондай-ақ, қазақстандық парламентаризмнің тарихи бастаулары мен қазіргі даму кезеңдері, оның қоғамдағы орны талқыланды. Спикерлер атап өткендей, қазақстандық парламентаризмнің бастаулары соңғы 30 жылмен шектелмейді, оны қалыптастырған тарихи тұлғалардың еңбегін естен шығармау маңызды. Сонымен қатар, КИнЭУ мен өңірлік универерситетінің студенттері, магистранттар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар еліміздің парламенттік дәстүрін жаңа қырынан зерделеп, болашаққа бағытталған тұжырымдар жасады.
7 қараша 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии