Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Марапаттар шеруі

Бүгін дәстүр бойынша Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде президенттік сағат барысында білім, ғылым және инновация салаларының дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлер мен студенттер марапатталды. Марапаттау рәсімі ерекше сәттен басталды. Университет ұжымы академиялық даму жөніндегі проректор Жұлдыз Орынтайқызы Ошақбаеваны жоғары мемлекеттік марапат - «Ерен еңбегі үшін» медалімен құттықтады. Нәтижелі серіктестік, дуальді білім беру мен тәжірибеге бағытталған оқыту бағдарламаларын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов, ректор Арман Оразалиұлы Исмаилов, академиялық даму жөніндегі проректор Жұлдыз Орынтайқызы Ошақбаева, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Амангелді Болатұлы Шаяхметов, мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының директоры Ай-Гүл Сералиқызы Сегізбаева, халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының жетекшісі Жанат Ғалымжанқызы Джабасова, энергетика және машина жасау кафедрасының меңгерушісі Татьяна Витальевна Бедыч, ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының меңгерушісі Нұргүл Қалиқызы Үдербаева, көлік және сервис кафедрасының меңгерушісі Алмаз Ахметуллович Оразалин, ақпараттық технологиялар мен автоматика кафедрасының аға оқытушысы Динара Туленғалиқызы Алдашева Allur University-нің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ басқа да бастамалар назардан тыс қалмады. «Qostanai AgroTech Hackathon 2025» республикалық хакатонының ұйымдастырушы комитеті ректор Арман Оразалиұлы Исмаиловқа іс-шараны өткізуге қосқан үлесі және ҚИнЭУ студенттерінің бұл хакатонда инновациялық IT-жобаларын ұсынғаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректорының атынан студенттік спортты дамытуға және зияткерлік бастамаларды қолдауға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етілді. Қостанай облысы әкімі аппаратының цифрландыру басқармасы да өңірдің цифрлық дамуына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Ерекше алғыс сөздері Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының директоры Ай-Гүл Сералиқызы Сегізбаеваға арналды. Ол «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Райымбек Баталовтың және Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат оның әлеуметтік және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту жолындағы белсенді еңбегін атап өтті. Сондай-ақ Ай-Гүл Сералиқызына Техникалық реттеу және метрология комитетінің атынан - бас хатшы Серхио Мухикидің қонақ дәрісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді. Жазда ҚИнЭУ студенттері Польшаның Плоньск қаласындағы Green Crops компаниясының базасында халықаралық өндірістік тәжірибеден өтті. Жоғары нәтижелер мен жауапкершілігі үшін студенттер компанияның басқарушы директоры Адам Рожицкийдің сертификаттарына ие болды. Студенттерге жетекшілік етіп, олардың кәсіби тәжірибесін табысты өткізуіне үлес қосқан оқытушылар - Айгүл Танатқанқызы Фазылахметова мен Мадина Даулетжанқызы Мусина да алғыс хаттармен марапатталды. Сахна төрінде «Allur Auto» командасы да марапатталды. Ксения Сидоренко, Дамир Мухамедзянов және Дидар Жанадилов «Qostanay AI-Sana Industry Hackathon: Allur Challenge» хакатонында екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, хакатонға сәтті қатысқаны үшін Артем Камф, Виктория Лукьяненко, Кирилл Коломиец, Бекзодбек Бахтияров, Кирилл Шулепов және Никита Кожахметов сертификаттармен марапатталды.

12 қараша 2025 жыл

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы