Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ-да ҚР ҰИА Қостанай облысы бойынша филиалының кеңсесі ашылды

Бүгін ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Президиумының кеңейтілген көшпелі отырысы аясында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Ұлттық инженерлік академияның Қостанай облысы бойынша филиалының кеңсесі салтанатты түрде ашылды.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясы – еліміздегі ғылыми-инженерлік қызметті үйлестіретін және дамытатын ірі әрі беделді ұйым. Академияның басты мақсаты — ғылыми-техникалық прогресті ілгерілету, инновациялық жобаларды қолдау және инженерлік қоғамдастықты біріктіру.

ҰИА Қостанай облысы бойынша филиал кеңсесінің ҚИнЭУ базасында ашылуы заңды. Өйткені университет өңірде инженерлік кадрларды даярлау, оқу процесіне заманауи технологияларды енгізу және өндіріс сұранысына сай білім беру ісінде белсенді жұмыс атқарып келеді.

Салтанатты рәсім барысында ҚР Ұлттық инженерлік академиясыныңң президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов сөз сөйледі:

– Қостанай облысының филиалында кемінде үш корреспондент-мүше, бес академиялық кеңесші жұмыс істейді деп сенемін. Күзде өңірдегі үздік бес инженерді Академия құрамына қабылдаймыз. Баршаңызды осы қуанышты оқиғамен құттықтаймын! Бүгін өңірдегі жоғары оқу орындарды араладым, ал ҚИнЭУ-дегі сапардан ерекше әсер алдым. Жарайсыздар!

Шара барысында қонақтарға университеттің материалдық-техникалық базасы таныстырылды.

- Мұндай зертхана тіпті Алматыдағы Көлік және коммуникациялар академиясында да жоқ! — деп таңданысын білдірді қонақтар «Пойыздар қозғалысын ұйымдастыру» зертханасында. Мұнда станцияларда орын алуы мүмкін кез келген штаттық емес жағдайларды модельдеуге болады. Студенттер нақты жағдайға барынша жақын ортада әрекет етуге үйренеді.

Сонымен қатар, инженерлік білім беру ісіне қосқан үлесі үшін Академия ҚИнЭУ ұжымына сыйға кітаптар тарту етті.

Қостанай инженерлік-экономикалық университет базасында Ұлттық инженерлік академия Қостанай облысы бойынша филиалы кеңсесінің ашылуы — бұл ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың нақты қадам.

23 мамыр 2025 жыл 

ҚИнЭУ-да ҚР  ҰИА Қостанай облысы бойынша филиалының кеңсесі ашылды

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы