KEnEU International Week 2025 ресми түрде ашық
Жыл сайын университетте дәстүрге айналған, алыс-жақын шетелден келген қонақтар саны артып, географиялық ауқымы кеңейіп келе жатқан KEnEU International Week 2025 халықаралық апталығы салтанатты түрде ашылды. Рәсім барысында университеттің президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов сөз сөйлеп, халықаралық апталықтың маңызы мен университеттің серіктестік байланыстарын нығайтудағы рөлін атап өтті: – Бүгінгі жаңа технологиялар, инновациялар, жасанды интеллект даму кезеңінде және өзгерістерге жаңа көзқарас дәуірінде қоғамның жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар артып келеді. Бүгін ұйымдастырып отырған халықаралық апталықтың негізгі мақсаты да – дәл осы өзгерістерге бейімделіп, білім саласындағы жаңа мүмкіндіктерді талқылау, – деді президент. Сонымен қатар, ҚИнЭУ академиялық даму жөніндегі проректоры Жұлдыз Орынтайқызы Ошақбаева университеттің жетістіктері, мүмкіндіктері мен білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беріп, қонақтарды университеттің негізгі бағытымен таныстырды. Халықаралық аптаға білім саласы мен озық технологиялары қарқынды дамып келе жатқан елдерден келген профессорлар қатысып, пікір алмасу, білім алушы жастар мен магистранттардың деңгейін арттыру, ұстаздардың біліктілігін көтеру мақсат етілгенін атап өтті. Қонақтар бұл апталықтың әріптестік байланыстарды нығайтуға, бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға және студенттер мен оқытушыларға жаңа перспективалар ашуға үлкен ықпал ететініне сенім білдірді.
24 қараша 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии