Ғылыми сағат
Бүгін ҚИнЭУ профессор-оқытушылар құрамы үшін ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Торайғыров университетінің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Нұрланұлы Қайниденовпен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Нұрсұлтан Қайниденов - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда, сондай-ақ шетелдік рейтингтік басылымдарда ғылыми мақалалар жариялау бойынша мол тәжірибесі бар зерттеуші. Кездесуді PhD докторы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының өкілі Төлеген Кубжасаров ұйымдастырды. Кездесу барысында спикер Торайғыров университетінің «Вестник» ғылыми журналын таныстырып, оның педагогикалықтан бастап энергетикалық сериясына дейінгі барлық бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар ол комитет ұсынған журналдар тізімімен, журналдарды іздеу жолдарымен, ғылыми мақалалар жазу талаптарымен, материалдарды журналға ұсыну процесімен және жариялау ақысы туралы жан-жақтыақпаратпен бөлісті. Бұл кездесу қатысушылар үшін өте пайдалы болды. Спикер ҚИнЭУ оқытушыларын ғылыми белсенділік танытуға шақырды.
3 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии