Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Табиғатпен дос болуды бірге үйренеміз

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы «ReStart» жобасы аясында «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін экологиялық бағыттағы іс-шара өткізді. Университеттің студенттері Карина Казачук пен Ажар Нұрмағамбетова балаларға арналған интерактивті шеберлік сабағын ұйымдастырды. Кездесу барысында қатысушылар тұрмыстық қалдықтардың түрлері, олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны және адам денсаулығына әсері туралы қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізді. Экоорталық жетекшісі Динара Бостановна Шадрина ерекше қызығушылық тудырған бейнефильм ұсынды. Табиғатқа келетін зиянды нақты мысалдар арқылы көрсеткен фильм балаларды бейжай қалдырмай, қызу пікірталасқа ұласты. Олар сұрақтарға белсенді жауап беріп, табиғатты қорғау жолында әрқайсысының не істей алатыны туралы ойларымен бөлісті. Қалдықтарды сұрыптауға арналған ойын барысында балалардың қызығушылығы ерекше артты. ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің еріктілері Данияр Қазиев пен Иван Макагон қатысушыларға қоқысты қайта өңдеуге жарамды және жарамсыз түрлерге бөліп көруді ұсынды. Ойын кезінде Динара Бостановна қалдықтарды дұрыс сұрыптаудың маңызын, оның қоршаған ортаға келетін зиянды азайтып, қалдықтарға екінші өмір сыйлайтынын түсіндірді. Кездесу соңында балалар экологиялық әдеттер туралы пікір алмасты. Пластикті аз қолдану, эко-ойыншықтар жасау және экологиялық акцияларға қатысу жолдары талқыланды. Аталған іс-шара балалардың табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруға және экологиялық жауапкершілігін арттыруға жақсы бастама болды.

 

17 желтоқсан 2025 жыл. 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы