Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларының 2025 жылғы рейтингі
Сегізінші жыл қатарынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.
2025 жылы рейтинг аясында 95 173 түлектің деректері талданып, 100-ден астам сарапшы тартылды және 2031 білім беру бағдарламасы бойынша 117 рейтинг қалыптастырылды. Бағалау төрт негізгі блок бойынша жүргізілді, оның ішінде жалпы салмақтың шамамен жартысын түлектердің мансаптық перспективалары құрады. Бұл көрсеткіштерге жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы және медианалық жалақы мөлшері кірді.
Рейтингке Университет атынан 16 білім беру бағдарламасы қатысып, олардың бірқатары жоғары орындарға ие болды:
-ТОП-3: «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы;
-ТОП-5: «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»; «Автоматтандыру және басқару»; «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламалары;
-ТОП-10: «Электр энергетикасы», «Машина жасау» білім беру бағдарламалары.
2025 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу статистикасына ерекше назар аударылды. Талдау қорытындысы бойынша М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 83%-ды құрады. Рейтинг бойынша түлектердің медианалық жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 20,4%-ға артты, бұл сапалы даярланған мамандарға деген сұраныстың өсіп келе жатқанын және оң динамиканы көрсетеді.
Жұмысқа орналасу деңгейі 90% және одан жоғары болған білім беру бағдарламалары:
-Есеп және аудит – 100%;
-Стандарттау және сертификаттау – 100%;
-Автоматтандыру және басқару – 96%;
-Жылу энергетикасы – 92%;
-Аграрлық техника және технологиялар – 92%;
-Көлік, көлік техникасы және технологиялары – 91%.
Еліміздің бірқатар өңірлерінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі жоғары екені байқалады: Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы – 91%, сондай-ақ Қостанай облысы мен Ұлытау облысы – 90%.
«Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбеновтің айтуынша, білім беру бағдарламаларының рейтингі университеттерге оқу мазмұнын жүйелі түрде жаңартуға, практикалық бағыттағы форматтарды кеңейтуге және білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға жұмыс берушілерді белсенді тартуға мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындылары келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://atameken.kz/ru/university_ratings
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии