Денсаулық - басты байлық
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында маңызды тақырып - адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туралы сөз қозғалды. Орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің маманы Серік Наурызбайұлы Кадрон АИТВ - адамның иммундық жүйесін әлсірететін вирус екенін атап өтті. Ауру көп жағдайда ешқандай белгісіз өтеді, сондықтан адам өзінде инфекция бар екенін білмей, өзгелерге жұқтыруы мүмкін. «Қазіргі таңда Қостанай облысында 4 мыңнан астам адам АИТВ диагнозымен өмір сүріп жатыр. Олардың 2 мыңнан астамы адам диспансерлік есепте тұр. Бұл - алыстағы мәселе емес, бұл - біздің ортамыздағы жағдай. Статистикаға сәйкес, елімізде АИТВ-инфекциясы «жасарып» келеді: қазіргі кезде 15 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында жиі тіркелуде». Маманның айтуы бойынша, зақымдану тек жыныстық жолмен емес, сонымен қатар тату және сұлулық салондарында, тіс емханаларында стерильсіз құралдар арқылы да болуы мүмкін». Кездесуден кейін №1 қалалық емханасымен бірлесіп студенттерге арналған медициналық CheckUp ұйымдастырылды. Оның аясында артериялық қан қысымы, көз қысымы, қандағы қант деңгейі анықталды, сонымен қатар АИТВ-ға экспресс-тест жүргізілді.
20 қаңтар 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии