Құмар ойындар және заң
Бүгін университет пен ҚИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжінің студенттері мен оқытушылары үшін ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Лев Олегович Хонмен кездесу өтті. Кездесу барысында Лев Олегович бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - лудомания (құмар ойынға тәуелділік) туралы да айтты. Оның айтуынша, ойынқұмарлық, әсіресе жастар үшін үлкен қауіп төндіреді. Құмар ойынға тәуелді адам өмірінде болып жатқан жағдайларға қарамастан, үнемі ойын процесіне тартылып тұрады. Ойын автоматтары мен букмекерлік кеңселер, соның ішінде онлайн-платформалар да, оңай әрі тез табыс табуға болатын иллюзия қалыптастырады. Бұл «ұтылған ақшаны қайтарып аламын» деген оймен тәуелділікті күшейтеді. Мысал ретінде кейбір азаматтардың бәс тігіп, қарызға батып, оның салдары ауыр жағдайларға алып келгені айтылды. Спикер сондай-ақ жаңа Конституция жобасына байланысты сөз қозғады. Ол ұсынылып отырған негізгі өзгерістерге жан-жақты тоқталды. Лев Олеговичтің айтуынша, қазіргі уақытта заң шығарушы билік екі палатадан тұратын Парламент арқылы жүзеге асырылады. Жаңа Конституция жобасына сәйкес бір палаталы Парламент құру ұсынылуда. Ол Құрылтай деп аталып, 145 депутаттан тұрады. Сонымен қатар вице-президент лауазымын енгізу көзделген. Кездесу қонағы жоба аясында неке мен отбасы құндылықтарын нығайтуға ерекше мән берілгенін атап өтті. Сондай-ақ 15 наурыз күні барша азаматтар республикалық референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруі тиіс екенін жеткізді.
4 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии