Байланыс тарихымен танысты
Ақпараттық технологиялар мен автоматика кафедрасының апталығы аясында «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері университеттің серіктесі - еліміздегі ірі телекоммуникациялық компаниялардың бірі «Қазақтелеком» АҚ-на танымдық экскурсия жасады. Экскурсия «Қазақтелеком» мұражайынан басталды. Мұнда болашақ мамандар Қазақстандағы байланыс саласының даму тарихымен танысып, сирек кездесетін, өздері үшін раритет болып табылатын байланыс құралдарын көрді. Сонымен қатар олар өткен кезеңдегі технологияларды қазіргі телекоммуникациялық қызметтердің негізін құрайтын заманауи шешімдермен салыстыру мүмкіндігіне ие болды. Студенттерге заманауи байланыс жабдықтары таныстырылып, жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық кабельдердің қалай қолданылатыны көрсетілді. Сондай-ақ компанияда кеңінен қолданылатын басқа да техникалық жаңалықтар туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында студенттер «Қазақтелеком» компаниясының жұмысымен жақынырақ танысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.
13 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии