Жеңіл табыс - қылмысқа апарар жол
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қостанай облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Тамерлан Ерденовпен профилактикалық кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы - интернет-алаяқтықтың заманауи түрлері, соның ішінде дроперлік туралы сөз қозғалды. Маманның айтуынша, дроперлік интернет-алаяқтықтың дамуы нәтижесінде пайда болған. Оның мәні - азаматтардың өз банк карталарын үшінші тұлғаларға беруі. Ал алаяқтар бұл карталарды заңсыз жолмен алынған қаражатты шығару үшін пайдаланады. Осылайша, карта иелері қылмысқа қатысушы болып саналады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай схемаларға көбінесе унивреситет пен колледжстуденттері тартылады. Олар оңай табыс табуды көздеп, салдарын толық түсінбей, өз деректерін бөтен адамдарға береді. Айта кету керек, 2025 жылдан бастап Қазақстанда дроперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жыл басынан бері бірнеше адам сотталған. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар келтірілген шығынды толық өтеуге міндетті. Кездесу барысында «активаторлар» мәселесі де көтерілді. Олар SIM-карталарды рәсімдеп, алаяқтарға беретін адамдар. Мұндай әрекеттер де қылмыстың жасалуына тікелей ықпал етеді. Мысал ретінде бір студенттің жағдайы келтірілді. Ол төрт SIM-карта сатып алып, тіркеп, кейін жалға берген. Бірнеше күннен кейін ол тергеуге шақырылған. Анықталғандай, осы нөмірлер арқылы үш адам 18 миллион теңгеге алданған. Нәтижесінде келтірілген шығынды оның отбасы өтеуге міндеттелген. Тамерлан Есенович мұндай жағдайлардың алдын алу үшін студенттерді сақ болуға шақырады: күмәнді ұсыныстарға сенбеу және «жеңіл табысқа» алданбау маңызды.
14 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии