Шабыт сыйлаған шеберлік сабағы
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының жанынан ашылған ҚИнЭУ-Атамекен әлеуметтік хабында апсайклинг бойынша шеберлік сабағы өтті. Апсайклинг - бұл ескі заттарға жаңа өмір сыйлап, оларды креативті түрде қайта өңдеу. Яғни қолда бар материалдардан әдемі әрі пайдалы бұйымдар жасау арқылы саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру. Әлеуметтік кәсіпкерлер, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының салалық кеңесінің мүшелері Динара Куджулова мен Динара Шадрина қатысушыларға қарапайым маталардан ереше әрі сәнді бұйымдар жасаудың қыр-сырымен бөлісті. - Динара Жазитқызының қатысуымен мата қиындыларынан түрлі бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабағын әлеуметтік хаб ашылмай тұрып жоспарлаған едік. Бүгін қатысушылар мата қиындыларына екінші өмір сыйлаудың түрлі тәсілдерін үйретеміз, - деді Динара Шадрина. Университет оқытушылары мен қызметкерлері өздерін нағыз қолөнерші ретінде сезінді. Бар болғаны жарты сағаттың ішінде олардың қолынан кез келген образды толықтырып, сәнін келтіретін әсем гүл-брошьтар жасалды. Халықаралық әйелдер күніне арналған тамаша сыйлық! Барлық нәзік жандылардың көңіл күйі көктемдей құлпырып сала берді. ҚИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжінің студенті Даниель Вовченко да шеберлік сабағына белсенді қатысып қана қоймай, домбырамен әсем әуен орындап, ерекше атмосфера сыйлады. Шеберлік сабағы мазмұнды да пайдалы өтті.
4 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии