Болашаққа жол ашып
Бүгін университет болашақ талапкерлер үшін есігін қайта айқара ашты. Қонаққа Қостанай қаласының №17, №21, Әлихан Бөкейхан атындағы №32 жалпы білім беретін мектептердің және №18 мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушылары келді. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жеңісгүл Мұратовна Жұмаш оқушыларға білім беру бағдарламалары, оқуға түсу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Гранттар мен шәкіртақылар, дуалды оқыту жүйесі, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ағылшын тілін меңгерген студенттердің шетелде білім алу мүмкіндігіне тоқталды. - Неліктен біздің университетті таңдау керек? Бізде басқа жоғары оқу орындарында жоқ білім беру бағдарламалары бар. «Жылу энергетикасы», «Робототехникалық жүйелер», «Логистика» және «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бағыттары бойынша жоғары білікті мамандарды тек ҚИнЭУ дайындайды, - деп атап өтті Жеңісгүл Мұратовна. Кездесу интерактивті форматта өтті: оқушылар үшін түрлі байқаулар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Одан кейін қонақтар университет бойынша экскурсияға шықты. Әсіресе пойыз қозғалысын ұйымдастыру зертханасы ерекше әсер қалдырды. Оқушылар өздерінің алғашқы пойыз құрамын іске қосты. Университет роботы да өз мүмкіндіктерін көрсетіп, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Технологиялық процестерді модельдеу зертханасы, заманауи жабдықтар және студенттердің сабақ барысында өз қолдарымен жасайтын бұйымдары, әсіресе ұл балалардың қызығушылығын арттырды. Кездесу спорт кешенінде жалғасын тауып, қызықты әрі көңілді спорттық ойындармен аяқталды. Бүгінгі кездесу әсерлі өтті. Бәлкім, дәл осы күні кейбір оқушылар болашақ мамандығын таңдауға алғашқы қадам жасаған шығар.
3 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии