Оқу мен тәжірибені ұштастыра
«Астық» элеватор жабдықтары зауыты - Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің тәжірибеге бағытталған және дуальды оқыту жүйесі аясындағы көпжылдық әрі сенімді серіктесі. Кәсіпорынмен жасалған келісімшарт аясында энергетика және машина жасау кафедрасының студенттері практикалық сабақтарын тікелей өндірістік алаңда өткізеді. «Машина жасау» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері екінші семестрде «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері» пәні бойынша тәжірибеден өтуде. Мұндай тәжірибе студенттерге нақты жұмыс жағдайына енуге, заманауи машина жасау технологияларын меңгеруге, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметіне қажетті маңызды практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өндірістік тәжірибе барысында алынған білім мен дағдылар студенттердің инженерлік ойлау қабілетін дамытып, теориялық білімді практикамен ұштастыруына және болашақта өз мамандығы бойынша табысты жұмыс істеуіне берік негіз қалайды.
2 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии