Заң және тәртіп
Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Асем Гайбаровна Ерденова және Қостанай облысы Полиция Департаментінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Екатерина Дмитриевна Рабцун Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттерімен дәріс өткізді. Кездесу барысында алаңдатарлық статистика келтірілді. Өткен жылы облысымызда есірткі заттарын тарату бойынша 5 дерек тіркелсе, жаңа 2026 жыл басталғалы 1 дерек анықталып, оған Қостанай қаласындағы колледж студенті қатысқан екен. Полиция қызметкерлері өмірден алынған нақты оқиғаларды мысалға келтірді. Жеңіл табысқа қызығып, есірткі таратумен айналысқан жастардың түрмеге қамалғаны, кейбіреулердің есірткіге тәуелді болып, бірнеше жыл бойы өз өмірін және жақындарының тағдырын күйреткені айтылды. Қазіргі таңда олардың кейбірі тәуелділіктен арылу үшін ем қабылдауда. Құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерді есірткі заттарын қолданбауға, таратпауға, насихаттамауға және жарнамаламауға шақырды. Бұл әрекеттердің барлығы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті. Есірткіні сатып алу, сақтау, тарату мақсатында тасымалдау - 5 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтыны туралы ерекше атап өтілді.
3 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии