Кітап оқу марафоны жалғасуда
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде интеллектуалдық-ағартушылық «Оқитын ұлт» жобасы аясында өткен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға Қостанай облысы бойынша «Оқитын университет» бағытының өкілі Марғұлан Бакир қатысты. Кездесу барысында спикер студенттермен еркін форматта пікір алмасты. Ол алдымен ұсынылған кітаптар тізімінен қаншасын оқып үлгергендерін сұрап, оқуға деген қызығушылық деңгейіне назар аударды. Сонымен қатар, қалған екі ай ішінде барлық кітаптарды оқып шығуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті. Студенттерге ұсынылған әдебиеттер қатарында Джеймс Клирдің «Атомдық әдеттер», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», «Дрина көпірі», «Емшан» және өзге де тағылымы мол шығармалар бар. Бұл кітаптардың әрқайсысы тұлғалық даму мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал ететіні айтылды. Айта кетейік, «Оқитын ұлт» жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып, елдің рухани жаңғыруы мен зияткерлік дамуына бағытталған маңызды стратегиялық жоба болып табылады.
4 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии