Конституция: маңызды аспектілер жайлы
Бүгін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Іс-шараға университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесудің спикері ретінде А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы, құқық ғылымдарының магистрі Индира Курманбаевна Талтанова сөз сөйледі. Ол Ата заң жобасының мәні мен маңыздылығына, оның қазіргі қоғам үшін өзектілігіне жан-жақты тоқталды. Өз сөзінде спикер тіл саясаты, халықаралық шарттардың мәртебесі, сыртқы саясат қағидаттары, жер қатынастары, сөз бостандығы мәселелерін қамтыды. Индира Курманбаевна ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық айқындықты күшейтуге, конституциялық құндылықтарды қорғауға және негізгі заңды қазіргі әлеуметтік-саяси жағдайларға бейімдеуге бағытталғанын атап өтті. - Қазіргі таңда конституциялық реформалардың қажеттілігі жөнінде қоғамда белсенді пікірталас жүріп жатыр. Менің ойымша, мұндай реформалар объективті түрде қажет. Қоғам да, мемлекет те өзгеруде, жаңа әлеуметтік, экономикалық және технологиялық сын-қатерлер пайда болуда. Осыған байланысты бұрын қолданылған құқықтық модельдер әрдайым өзектілігін сақтай бермейді. Сондықтан жаңа Конституция жобасын қабылдау қажеттілігі туындап отыр, - деді ол. Сонымен қатар, спикер Конституция жобасы мемлекеттіліктің негізгі принциптерін сақтайтынын, қазақ тілін біртұтас мемлекеттік тіл ретінде бекітетінін, Қазақстанның халықаралық құқық нормалары мен бейбітшілік саясатына адалдығын растайтынын, сондай-ақ адвокатура институтын және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтетінін атап өтті. -Мемлекет ғылым мен білімге, технологиялық дамуға басымдық беріп отыр. Дегенмен, ең жоғары құндылық - адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып қала береді, -деп түйіндеді спикер. Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар Конституциялық реформаның өзекті аспектілері бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.
5 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии