Қаржылық сауаттылығын тексерді
Бүгін қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданың алғашқы кезеңі басталды. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері де бұл білім бәйгесінде бақтарын сынады. Сынақ алдында әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытуышысы Надежда Ивановна Росенко қатысушыларға сәттілік тілеп, асықпай, әр сұрақты мұқият оқуға кеңес берді. Бұл маңызды сөздер студенттердің көңілін бір серпілтіп тастады. Олимпиада тапсырмалары жеңіл емес: барлығы 50 сұрақ, ойлануға шамамен екі сағат уақыт берілді. Сұрақтар қаржылық пирамидалардың белгілерінен бастап, қазіргі заманғы ұғымдар - мысалы, кастодиалдық әмияндарға дейін қамтыды. Яғни тек теорияны білу жеткіліксіз, бүгінгі қаржы әлеміндегі үрдістерді де түсіну қажет. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Халықаралық желілік институтпен бірлесіп ұйымдастырған. Негізгі мақсат - жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды қаржылық қауіп-қатерлерді тануға және оларға қарсы тұруға үйрету. Алда тағы екі кезең бар. Үздік нәтижеге қол жеткізгендер Қазақстан намысын Ресейде өтетін олимпиадада қорғайды.
2 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии