Қонақ дәрісі
Бүгін ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының студенттері үшін Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерінің қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Кездесуге Департаменттің басқармалар басшылары Серик Даулетбаевич Кульманов және Асқар Абаевич Ахмедияров, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл Асхад Кубашевич Каусов қатысты. Қонақтар департаменттің құрылымы, оның бөлімшелерінің қызметі және экономикалық қылмыстарды ашу бағытындағы жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, дәстүрлі қылмыс түрлерімен қатар, цифрлық технологияларға байланысты құқықбұзушылықтар туралы да сөз қозғады. Аскар Ахмедияровтың айтуынша, қазіргі таңда көптеген қаржылық қылмыстар «цифрлық із» қалдырады. Деректер компьютерлерде, серверлерде және мобильді құрылғыларда сақталады. Оларды талдау үшін күрделі қаржылық схемаларды анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құралдар қолданылады. Сондай-ақ студенттерге цифрлық активтер саласындағы құқықбұзушылықтармен айналысатын «Криптон» арнайы бөлімшесі жұмыс істейтіндігі туралы жеткізілді. Бұл - жаңа бағыттардың бірі, мұнда арнайы бағдарламалар әзірленіп, кибер жедел уәкіл, киберкриминалист сияқты жаңа мамандықтар қалыптасып жатыр екен. Департамент өкілдері бүгінгі күні IT-мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Бүгінгі кездесу студенттерге өз білімдерін қай салада қолдана алатынын түсінуге мүмкіндік берді. Болашақта олардың кейбірі экономикалық тергеп-тексеру саласында еңбек жолын бастауы да әбден мүмкін.
2 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии