Бизнес-жоспар құруды үйренді
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университеті студенттері «Әлеуметтік кәсіпкерлермен бірге бизнес-жоспар құру» тақырыбындағы шеберлік сабағына қатысты. Іс-шараны ҚИнЭУ Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы ұйымдастырды. Өз тәжірибесімен ҚР «Атамекен» ҰКП төралқасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы, тәжірибелі кәсіпкер Александр Анатольевич Соболев бөлісті. 2017 жылы ол көлік және логистика саласында компания ашып, екі жылдан кейін оны кеңейтіп, Қазақстан нарығына шыққан. Ал 2020 жылдан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын жүзеге асыра бастаған. - Сіздер экономикалық университетте білім аласыздар, ертең сіздерден нағыз кәсіпкерлер шығуы мүмкін, -деп атап өтті спикер. Ол әлеуметтік кәсіпкерліктің тек қайырымдылық емес, табыс әкелетін әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған іс екенін атап өтті. Шеберлік сабақ барысында барысында студенттер бизнес-жоспардың негіздерімен танысты. Александр Анатольевич кез келген бизнестің идеядан басталатынын, одан кейін жоспарлау: мақсатты аудиторияны анықтау, құндылық ұсынысын жасау, маркетинг стратегиясын құру, күшті және әлсіз жақтарды талдау, өндірістік жоспар әзірлеу сияқты кезеңдерден тұратынын түсіндірді. Студенттер белсенділік танытып, өз бизнес-идеяларын ойлап тауып, презентация жасады. Экспертпен бірге жобаларды талқылап, оларды табысты кәсіпкерлікке айналдыру жолдарын қарастырды. - Бүгінгі шеберлік сабағына дейін студенттердің бизнес-жоспар құру тәжірибесі болған жоқ. Енді олар осы тәжірибеге ие болды, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
31 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии