Білім жеңіске жетелейді
Бүгін ҚИнЭУ аумағы Қостанай облысының түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушыларына толды. Мұнда алғаш рет ҰБТ-ның бейінді пәндері бойынша облыстық олимпиада ұйымдастырылды.
Білім бәйгесінде өз білімін сынау үшін 150-ге жуық оқушы жиналды.
Қатысушыларды университет ұжымы жылы қарсы алды. Көп ұзамай олар аудиторияларға бағыт алып, онда кафедра меңгерушілері мен оқытушылар сәттілік тіледі.
Қатысушыларға 50 сұрақ беріліп, оны орындауға 1 сағат уақыт бөлінді. Аудиторияларда тыныштық орнап, әр оқушы бар назарын тест тапсырмаларына аударды. Олимпиада математика–физика, математика–информатика, математика–география, ағылшын тілі–география, сондай-ақ биология-химия пәндері бойынша өтті. Бұл бағыттар - университеттің білім беру бағдарламалары үшін негізгі бейінді пәндер.
Ал аудитория сыртында мүлде басқа көңіл-күй. Мұнда ұстаздар мен ата-аналар алаңдап жүр. Алтынсарин ауданы, Докучаев жалпы білім беретін мектебінен келген Виталий Демьяненкоға бұл күні ерекше қолдау көрсетілді. Оның жанында анасы мен інісі бар.
- Олимпиада туралы әлеуметтік желілерден білдік, - дейді анасы Зура Сарсенова. - Баламыз өз күшін байқап көрсін дедік. Қазір білім - ең маңызды капитал. Мүмкін, оның болашағы осы жерден басталар.
Сынақ аяқталған соң, оқушылар бірден сергіп, университет өмірімен танысуға кірісті. Олар заманауи зертханаларды аралап, инфрақұрылымды көрді. Спорт кешенінде студенттермен бірге волейбол ойнап, нағыз студенттік атмосфераны сезінді.
Күннің екінші жартысында олимпиада қорытындысы жарияланды. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш университеттің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын таныстырды.
Ал халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының басшысы Жанат Галимжановна Джабасова академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы айтып, студенттердің шетелде білім алу мүмкіндіктеріне тоқталды. Бұл ақпарат қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Күннің ең толқытатын сәті - марапаттау рәсімі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бірінші оқу жылына 100%, 75% және 50% жеңілдіктер беретін сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар да назардан тыс қалмай, арнайы жеңілдіктерге ие болды.
Олимпиада Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар сондай-ақ демеушілерге тіл орталығы @granluxe.kz, @ayetova_assel және @sushi.kostanay.leader-ге алғыс білдіреді.
ҚИнЭУ-де өткен бұл олимпиада жай ғана білім сайысы емес. Бұл - мектеп оқушылары үшін болашаққа бір қадам жақындай түскен күн.
3 сәуір 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии