Келешекке жол - ҚИнЭУ-мен бірге
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне Лисаков техникалық колледжінің түлектері - болашақ аспаздар, есепшілер және бағдарламашылар қонаққа келді. Кәсіптік бағдар беру мақсатындағы бұл кездесу екінші жыл қатарынан өтіп, игі дәстүрге айналды. Кездесу бағдарламасы мазмұнды болды. Университеттің мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының шақыруымен шараға оқу ордамыздың серіктесі - «KIA Qazaqstan» ЖШС оқу орталығының бас маманы Жулдыз Успановна Елибаева қатысты. Ол KIA компаниясының тарихы, құндылықтары, негізгі қызмет бағыттары, персоналды дамыту жүйесі және кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі туралы баяндады. - Компанияда мансаптық өсудің нақты траекториясы қалыптасқан. Дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алып жүрген студенттер оқуымен қатар өндірісте жұмыс істеп, тәжірибе жинақтай алады. Еңбек жолын жұмысшы мамандықтан бастаған көптеген жастар бүгінде инженерлік қызметтерде еңбек етуде, - деді атап өтті ол. Кездесу интерактивті форматта өтті. Машина жасау саласына қатысты сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға KIA-ның фирмалық сыйлықтары табысталды. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің білім беру бағдарламалары мен қабылдау талаптары туралы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш ақпарат берді. Ол ақылы бөлімге және грант негізінде оқуға түсу мүмкіндіктерін, сондай-ақ негізгі ҰБТ-ға тіркелу сәуір айында басталатынын жеткізді. Университеттің студенттік өмірі мен белсенділігі туралы қонақтар студенттердің өздерінен естіп, толық мағлұмат алды. Бағдарлама аясында түрлі байқаулар, ән-билер ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Лисаков техникалық колледжінің түлектері университеттің инфрақұрылымымен, заманауи зертханаларымен және кафедралардың білім беру бағдарламаларымен танысты. Кездесу спорттық бөліммен аяқталып, жастар үстел теннисі, волейбол, дойбы және шахмат ойнады. Кездесу қорытындысы бойынша көптеген түлектер біздің университетте білімін жалғастыруға ниет білдірді. Келесі кездескенше, Лисаков!
6 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии