Халықаралық диалог
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы цифрлық трансформация жағдайындағы ауылдық жерлердің тұрақты дамуы тақырыбында студенттік дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы және бастамашысы болды. Іс-шараны Ресей мемлекеттік аграрлық университетімен - К. А. Тимирязев атындағы АШМ-мен бірлесіп өткізді. Қазіргі жағдайда ауыл аумақтарын тұрақты дамыту агроөнеркәсіптік кешенге, әлеуметтік инфрақұрылымға және табиғи ресурстарды басқару жүйесіне «ақылды» шешімдерді енгізбестен мүмкін емес. Талқылаулар дәл осы өзекті мәселелерге арналды. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерішісі Дархан Серікұлы Ахметов сөз сөйлеп, мұндай ғылыми алаңдардың студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға, халықаралық байланыстарды кеңейтуге және университеттің заманауи білім беру орталығы ретінде беделін нығайтуға көмектесетінін атап өтті. Дөңгелек үстелге студенттер мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты. Іс- шара барысында білім алушылар цифрлық технологиялар, ауылдық жерлерідің тұрақты дамуы, басқару және тұрақты процестерді талдау тақырыптарына арналған баянадамалар жасады. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері Лев Сереябряков, Карина Казачук, Ренат Ержанов және Крумм Йоханн өз ғылыми зерттеулерін ұсынды. Олардың баяндамалары жоғары дайындық деңгейін, анатитикалық ойлау қабілетін және практикаға бағытталған тәсілін көрсетті. Дөңгелек үстел университеттердің географиялық қашықтыққа қарамастан тиімді ынтымақтастықта жұмыс істей алатынын, біртұтас білімдік және зияткерлік кеңістік құруға, Қазақстан мен Ресей университеттері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Қатысушылар ауылдық жерлердің тұрақты дамуын жүзеге асыру концепцияларын талқылап, ауылдық ортадағы цифрлық трансформация тәжірибесін зерттеп, сарапшылардың пікірін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
9 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии