Құқықтық тренинг
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Конституция және азаматтардың құқықтарын қорғау» атты құқықтық тренинг ұйымдастырылды.
Оқу ордамыздың заң кеңесшісі Талғатбек Жетпісбайұлы Байбулатов студенттерге еліміздегі жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаларын түсіндірді. Ол Ата Заңның тарихына тоқталып, енгізілген өзгерістердің маңыздылығын жеткізді.
– Конституцияға саяси жүйені жаңғыртуға және демократияны дамытуға бағытталған маңызды түзетулер енгізілді. Негізгі жаңашылдықтардың бірі - Парламенттің рөлін күшейту және Президенттің жекелеген өкілеттіктерін шектеу. Қазақстан «күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» моделіне көшеді. Бұл билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамсыз етіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін нығайтуға ықпал етеді, - деп атап өтті ол.
Спикер жастарды елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге бейжай қарамауға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз құқықтары мен міндеттерін терең білуге шақырды.
17 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии