Қарым-қатынас мәдениеті өзімізден басталады
Тәрбие және ағарту жұмысы аясында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Іс- шараның спикері ретінде «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Жадыра Умирбековна Жұмасұлтанова шақырылды. Дәріс барысында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелері, қоғамдағы өзара сыйластықтың маңыздылығы, сондай-ақ тұлғааралық қатынастардағы жеке шекараларды сақтаудың маңыздылығы талқыланды.
Кездесуде салауатты қарым-қатынас, жанжалдардың алдын алу және жастар арасында эмоционалды интеллектті дамыту негізі ретінде келісім тақырыбына ерекше назар аударылды.
-Бүгінде қарым-қатынастың басым бөлігі онлайн кеңістікте жүзеге асады. Тіпті мемдер, смайлдар мен стикерлердің өзі түсініспеушілікке себеп болуы мүмкін. Қарым-қатынас мәдениеті әрқайсымыздан басталады. Өзгенің жеке шекарасын құрметтеу және өз шекараңды дұрыс қорғай білу - өркениетті қоғамның маңызды қағидаты, -деп түйіндеді спикер.
Жадыра Умирбековна кәсіби қызметтен практикалық мысалдар келтіріп, сонымен қатар қатысушылар өмірде кездесетін жағдайларды және оларды шешу жолдарын талдады. Дәріс ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік аспектілерін талқылауға мүмкіндік берді.
17 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии