Жақсы істер үшін біріктік
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері «Қарлы десант» атты облыстық еріктілер акциясына қолдау білдірді. Бұл шараны аулаларды қардан тазарту мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған болатын. Акция «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті. Студенттер жақсы көңіл-күймен қолдарына күрек алып, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың аулаларына бет алды. Бірнеше сағат ішінде үй айналасындағы аумақтар қардан тазартылды. Бұл іс- шара студенттер үшін тек физикалық еңбек қана емес, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету, қол ұшын беру мүмкіндігіне айналды. Бұл еріктілер акциясы қоғамдағы бірліктің, мейірімділіктің маңызды белгісі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
20 ақпан 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии