Болашаққа бағыт берді
Бүгін Федоров ауданының мектептерінде әдеттегі сабақ ырғағын болашақ туралы маңызды әңгіме алмастырды. Ауданға арнайы келген М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің өкілдері жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесулер Абай атындағы, М.Мәметова атындағы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептерде, сондай-ақ Воронеж және Успенов мектептерінде өтті. Қонақтарды қызығушылықпен қарсы алды. Әңгіме бірден ашық форматта өрбіді. Университет өкілдері білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, студенттік өмір мен болашақтағы жұмысқа орналасу жайында жан-жақты ақпарат берді. Ауыл жастары үшін туған өңірдегі жоғары оқу орнында білім алып, кәсіби маман болу - үлкен мүмкіндік екені атап өтілді. Көптеген оқушылар өздерінің болашақ мамандығы туралы ойланып жүргендерін жасырмады. Айта кетейік, іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасының Ақпараттандыру және білім сапасын бақылау орталығы университетпен бірлескен кәсіби бағдар беру консорциумы аясында жүзеге асты. Бүгінгі кездесу - жай ғана танысу емес, талай жастың болашағына бағыт берген маңызды сәт.
20 ақпан 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии