Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Конституция - мемлекеттің берік іргетасы

Жаңа Конституция жобасын талқылау мақсатында құрылған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасуда.
Бүгін коалиция мүшелері М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ұжымымен және студенттерімен кездесті.
Іс-шараға Қазақстан Азаматтық альянсының президенті, жалпыұлттық коалицияның мүшесі Бану Ғаниқызы Нұрғазиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жалпыұлттық коалицияның мүшесі Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы, облыстық коалиция төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алмат Кәкімжанұлы Досмұхамедов, «BESTKZ» Білім және туризм орталығының директоры, облыстық коалиция мүшесі Гүлмира Амангельдіқызы Капенова, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті, облыстық коалиция мүшесі Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов қатысты.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасында айқындалған негізгі құндылықтар түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Ата Заңның рөлі жан-жақты талқыланды.
Мәжіліс депутаты Берік Тұрсынбекұлының айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституция кезеңінде робототехника, жасанды интеллект, цифрландыру, биотехнология, биомедицина сынды қазіргі заманғы салалар мүлдем болмаған.
- Уақыт өзгеріп жатыр. Өмір алға басуда. Кейбір баптар бүгінгі талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан Конституцияны жаңарту - уақыт талабы, - деп атап өтті ол.
Коалиция мүшелері жаңа Конституцияны қолдауға шақырып, оның еліміздің тұрақты дамуына, жастардың болашағына және әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болатынын жеткізді.

20 ақпан 2026 жыл. 

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы