Алтынсарин жастары ҚИнЭУ-ді таңдайды
Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасымен жасалған консорциум аясында университетіміздің өкілдері Алтынсарин ауданында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Қабылдау комиссиясының мамандары мен белсенді студенттер бірнеше ауыл мектебін аралап, болашақ түлектермен жүздесті. Атап айтқанда, Щербаков, Силантьев, Обаған және Больше-Чураков жалпы білім беретін мектептерінде кездесулер өтті. Оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары мен оқу артықшылықтары жан-жақты таныстырылды. Түлектерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндігі қызықтырды. Бірқатар оқушылар ҚИнЭУ-ге түсуге ниетті екенін айтып, әлеуметтік желідегі парақшамызды белсенді түрде қадағалап жүргендерін жеткізді. - Сіздерді инстаграмнан көріп жүрміз, - деді олар. Шара барысында гитарамен ән айтылып, «Kahoot» ойыны ойналды. Ең белсенді қатысушыларға университет атынан естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу қызықты әрі көңілді өтті.
26 ақпан 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии