Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Арманға бастар ақ жол

Бүгін ҚИнЭУ-де бакалавриаттың қысқартылған оқу нысаны және магистратура білім алушыларына диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл күн - түлектер үшін ерекше толқынысқа, қуаныш пен мақтанышқа толы маңызды сәт. Мерекеге университеттің көпжылдық серіктесі - облыс әкімінің отбасы, әйелдер және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «BEST KZ» білім және туризм орталығының директоры Гүлмира Амангелдіқызы Қапенова арнайы қатысты. Оған бизнес және басқару бакалаврлары мен магистрларына диплом табыстау миссиясы бұйырды. -ҚИнЭУ - біздің компаниямыздың стратегиялық серіктестерінің бірі және досы. Бүгінде біздің кәсіпорын базасында әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының филиалы жұмыс істейді. Қызметкерлеріміздің бірі сіздерге туризм мамандығы бойынша дәріс береді. Бірлескен еңбегіміздің нәтижесінде осы оқу орнын бітірген туризм мамандары елімізге танымал, бәсекеге қабілетті болады деп сенемін, - деп университетпен әріптестік байланысты ерекше атап өтті. Магистратураны «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған магистрант – Гүлнар Омар өз сөзінде университет президенті Рихсибай Абдурахманұлына және ректор Арман Оразалиұлына, сондай-ақ оқытушылар құрамына алғысын білдірді: -Университетте жасалған жайлы жағдай үшін үлкен рақмет. Осындай тамаша білім ордада білім алу - үлкен бақыт. Әр келген сайын көңілім көтеріліп, жаным қуанып жүретін. Салтанатты кеш барысында логистика және көлік саласы мамандары, агрономдар, технологтар, бағдарламашылар және басқа да салалардың мамандары сахна төріне көтеріліп, көптен күткен дипломдарын алды. Диплом табыстау салтанатында қонақтар мен түлектерді музыкалық және би нөмірлері қуантты. Бұл ҚИнЭУ түлектер қауымдастығының мүшесі Зухра Иманованың арнайы сыйлығы. «Мирас» қалалық мәдениет үйі әртістерінің өнер көрсетуі мерекеге ерекше жарқындық пен қуаныш сыйлады. Бұл күн -әр түлек үшін жаңа белес, жаңа бастамалардың бастауы. Алда үлкен мақсаттар, кәсіби жетістіктер мен жарқын болашақ күтіп тұр.

27 ақпан 2026 жыл

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы