Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Ой салған фильмдер

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттеріне «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Хулиганка» қысқаметражды фильмі мен «Не книжные закладки» әлеуметтік бейнежобасы көрсетілді. «Хулиганка» фильмінде қоғам тарапынан «бұзақы» деп қабылданатын жасөспірімнің ішкі жан дүниесі ашып көрсетіледі. Фильмде оның агрессивті әрекеттерінің астарында жатқан қорқыныш, ішкі күйзеліс, әлеуметтік ортаның қысымы, өзін көрсетуге деген талпынысы және қоршаған ортаның мінез-құлқына әсері бейнеленген. Ал шынайы оқиғаларға негізделген «Не книжные закладки» әлеуметтік бейнежобасы синтетикалық есірткінің зияны туралы баяндайды. Онда есірткінің жасөспірімдер мен жастардың денсаулығы мен болашағына тигізетін ауыр зардаптары көрсетілген. Іс-шараның мақсаты - буллинг пен агрессияның себептері мен салдарын ашық талқылау, қоғамдағы стереотиптердің білім алушылардың мінез-құлқына әсерін түсіндіру, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Көрсетілімнен кейін студенттер фильмдерді талдап, негізгі эпизодтарын кезең-кезеңімен талқылады, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

3 наурыз 2026 жыл.

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы