Шебердің шеберлік сабағы
Бүгін стандарттау және тағам технологиялары кафедрасында кондитерлік өнімдер дайындауға арналған қызықты шеберлік сабағы өтті. Оны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің шебері - Ефименко Е.А. өткізді. Қазіргі уақытта ол біздің кафедрада «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыруда. Шеберлік сабағында студенттер ашытқылы қамырды дайындаудың барлық кезеңдерін меңгерді. Қамырды илеу, өнімдерді қалыптау және дайын тағамның сапасы мен құрылымына тікелей әсер ететін технологиялық ерекшеліктерге ерекше көңіл бөлінді. Практикалық бөлімде қатысушылар төрт түрлі бәліш дайындады: тоқаш, ірімшікті бәліш, алма толтырмалы бәліш және үгітілген шоколад немесе кокос ұнтағы себілген бәліш. Әр студент өзің шынайы кондитер ретінде сезініп, алған білімдерін тәжірибеде қолданды. Қатысушылардың пікірінше, бұл шеберлік сабағы теория мен практиканы біріктіріп, студенттерді жаңа кулинарлық тәжірибелерге шабыттандырды.
3 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии