Көктем қандай шырайлы, шұғылалы!
Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне көктем келді! Бүгін оқу ордамыздың президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов және ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов басшылық қызметте еңбек етіп жүрген әйел қауымын: проректорларды, кафедра меңгерушілерін, құрылымдық бөлімдердің басшыларын, орталықтардың директорларын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Білім мен ғылымның дамуына күнделікті еңбігімен үлес қосып жүрген әйелдер қауымына жылы лебіздер мен шынайы алғыс айтылды. Университет президенті олардың жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және оқу орнының өркендеуіне қосқан елеулі үлесін атап өтіп, зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Мерекелік кездесуде жағымды тосынсыйлар да болды. Ректор Арман Оразалиұлы жүрекке жылы әсер қалдырған әсерлі өлең оқып, жиналған қауымды ерекше ықыласқа бөледі. Әрине, мереке сыйлықсыз өткен жоқ. Университеттің әйел басшыларына естелік сыйлықтар табысталды.
6 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии