Әдемі, ең сұлу ҚИнЭУ-дің қыздары
Сұлулық пен талантты ұштастырған «ҚИнЭУ Аруы – 2026» шығармашылық-зияткерлік байқауы университетіміздің ең көрікті, ең өнерлі, ең білімді аруларын бір сахнада тоғыстырды.
🔥Университетіміздің ең сұлу аруы атағы үшін көлік және сервис кафедрасынан Мерей Онайбекова, энергетика және машина жасау кафедрасынан Ақбота Асқар мен Валерия Емельянова, әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасынан Аружан Усупова, ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасынан Іңкәр Байдір мен Кира Штукарь бақ сынады.
Алғашқы минуттардан-ақ сахнада жарқын әрі талантты тұлғалар тұрғаны анық байқалды.
Байқаудың бір кезеңінде әрбір қатысушымен бірге бір күн өткізген Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері де бүгін аруларға қолдау білдіріп келді. Сонымен қатар ата-аналары, туыстары мен құрбыларының маңызды күні қыздардың жанынан табылуы қатысушыларға күш-қуат беріп, қорқынышты жеңуге және байқаудың әр кезеңінде барынша жақсы нәтиже көрсетуге шабыттандырды.
Байқау барысында әр ару өз болмысын ашып, жан дүниесінің байлығы мен таланты арқылы ерекшеленді. Таныстыру кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, даралығын көрсетуге тырысты: бірі мамандығына деген сүйіспеншілігі туралы айтса, енді бірі шығармашылығы, спорттағы жетістіктері және болашақ жоспарларымен бөлісті.
Зияткерлік сайыста бойжеткендер білімділігін, тапқырлығын паш етті. Ал шығармашылық кезеңде өз өнерлерімен көрермендерді сүйсіндірді.
Қазылар алқасы қатарында университетіміздің серіктестері мен іс-шараға демеушілік қолдау көрсеткен құрметті жандар болды: Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Наталья Рамазанова, «ETHNO FASHION» модельдік агенттігі мен модельдер мектебінің директоры, дефиле қоюшы режиссері және тренері Карина Теклюк, «IQostanay» балаларға арналған SMART-орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айбар Бөрібаев, «INCI» брендінің негізін қалаушы және дүкен басшысы Ольга Огаркова, педагог-ұйымдастырушы, кондитер және шаш стилисті Венера Бемолдинова. Олар бойжеткендердің дарынын, ой-өрісін, сахна мәдениетін мұқият бағалады.
Соңғы кезеңде қатысушылар сән үлгілерін көрсетіп, сахнада өзін-өзі ұстау шеберлігін, сымбаттылығын және талғамын танытты. Көпшілік үшін бұл кезең нағыз өзгеріс сәтіне айналды - қыздар кәсіби модельдердей әсемдік пен сенімділікті паш етті.
Байқау нәтижесінде «Жарқын болашақ аруы» номинациясында Аружан Усупова, «Жарқын жүзді ару» және «Жүрекжарды ару» (әлеуметтік желі көрермендерінің таңдауы) номинациясында Кира Штукарь, «Көркіне ақылы сай ару» номинациясында Валерия Емельянова, «Сымбат пен сәннің символы» номинациясында Ақбота Асқар, «Нәзіктік пен сұлулық иесі» номинациясында Іңкір Байдір, «Сахна жұлдызы» номинациясында Мерей Онайбекова марапатталды.
Ал байқаудың бас жүлдесі - тәж және «ҚИнЭУ Аруы 2026» атағы Аружан Усуповаға бұйырды.
Байқау женімпазы және қатысушыларға:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. зергерлік дүкенінен ақшалай сертификаттар мен жеңімпаз тәжi
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. косметикасы дүкенінен сертификаттар
-@venera_kaliyeva дүкенінен шоколадтағы құлпынай сертификаты
- @nailby.indi, @glammbyd, @gerner_yliya_lush, @podoestetik.kst студияларынан маникюр, макияж, кірпік ұзарту және шугаринг қызметтеріне сертификаттар
- @olivka_shop_kst, @direct.kst, @befreekost, @klysheva_shop әйелдер киімі дүкендерінен ақшалай сертификаттар
- @zodiac_cinema_kostanay және @sushi.kostanay.leader сыйлық сертификаттары табысталды.
Іс-шараның демеушілеріне және байқауды ұйымдастыруға көмектескен жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Қатысушыларға тәлімгер болып, дайындық барысында қолдау көрсеткен Қостанай облысының Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері - Анара Арыстановна Шалпенеева, Сәуле Ануарбековна Байменова, Қарлыға Қажиақбаровна Умарова, Айгүл Амантаевна Таженова, Ульяна Николаевна Гуляева, Диана Алиева ерекше алғысқа лайық.
Әдемі, ең сұлу ҚИнЭУ-дің қыздары - әрдайым жарқырай беріңіздер!
13 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии