Пайдалы экскурсия
Өндірістік кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейту және білім алушылардың практикалық дайындығының сапасын арттыру мақсатында 2026 жылғы 20 ақпанда «Көлік және сервис» кафедрасы «6В08716 Аграрлық техника және технология» және «6В07112 Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін «АгроҚостанай» мамандандырылған аграрлық көрмесіне экскурсия ұйымдастырды.
Көрмеде ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші жетекші зауыттар Қазақстанның аграрлық секторында қолданылатын заманауи агрегаттар мен технологиялық шешімдерді ұсынды. Көрмені аралау барысында білім алушылар ауыл шаруашылығы техникасының заманауи үлгілерімен танысып, жаңа технологиялық әзірлемелер туралы ақпарат алып, кәсіпорын-өндірушілердің өкілдеріне сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара барысында сондай-ақ кәсіпорын өкілдерімен кәсіби байланыстар орнатылып, одан әрі ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, тараптар кәсіпорын мамандарының қонақ дәрістерін ұйымдастыру, жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізу, сондай-ақ студенттер үшін өндірістік алаңдар базасында көшпелі практикалық бағыттағы іс-шаралар өткізу мүмкіндігін талқылады.
Аталған бастамалар білім беру бағдарламаларының практикалық бағытын күшейтуге және университеттің салалық кәсіпорындармен өзара байланысын кеңейтуге бағытталған.
20 ақпан 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии