Пайдалы ақпаратқа толы жүздесу
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының апталығы аясында кәсіпорын өкілдерімен қонақ дәрісі өтті. Іс-шарада Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жагипаровна Шодорова сөз сөйледі. Ол мемлекеттік бақылау түрлері туралы айтып, оның маңыздылығына тоқталды: - Бақылау талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бақылау жоқ кезде бизнес бірінші кезекте пайдаға бағдарланады, бұл тұтынушыларға кері әсер етуі мүмкін. Департаменттің қадағалауында - өнеркәсіптік тауарлар. Спикер онлайн сауданың өсуіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, маркетплейстерде сатып алынған тауарлардың шығу тегі мен сертификаты туралы ақпарат жоқ. Бұл шағымдардың көбеюіне және тұтынушы құқықтарын қорғауды қиындатуға әкеледі. Сонымен қатар, спикер метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы бақылау бағыттарына тоқталды. Көптеген шағымдар жанармай құю бекеттеріне байланысты: мысалы, жанармай толық құйылмаған, өйткені отын тарататын колонкасы дұрыс жұмыс істемейді. Іс-шарада сондай-ақ «Заречное АШТС» ЖШС-ның ғылыми хатшысы Сания Абильтаевна Тулькубаева баяндама жасады. Ол кәсіпорын мен ҚИнЭУ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты атап өтті: - Біздің кәсіпорын мен университет арасында мықты серіктестік орнаған. Ауылшаруашылық тәжірибе станциямызда кафедра филиалы жұмыс істейді, студенттер оқу және өндірістік практикадан өтеді. Соңғы кезде бірлескен жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Осындай жобалардың бірі - «Агроэкология» білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып «AGROKAZ» жобасы. Спикер жобаның нәтижелерін таныстырып, ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын атап өтті. Студенттер мен оқытушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды, бұл дәрісті қатысушылар үшін пайдалы әрі ақпараттық етуге мүмкіндік берді.
18 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии