Пайдалы, оңай әрі дәмді
Стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының апталығы аясында бүгін ерекше шеберлік сабағы өтті. Студенттер мен оқытушылар жеміс чипстерін дайындауды үйренді. Бұл зиянды тіскебасарларға пайдалы балама. Дайындау ерекшеліктерімен әлеуметтік кәсіпкер, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасаның салалық кеңесінің мүшесі Динара Шадрина бөлісті. - Тағам қалдықтары да - экология үшін үлкен мәселе. Көптеген жемістер мен көкөністер дастарқанға жетпей бұзылып кетеді. Мұны болдырмау үшін олардан пайдалы өнімдер, мысалы чипстер жасауға болады», - деді спикер. Шеберлік сабақ барысында студенттер алма, банан және апельсиндерді тілімдеп, арнайы кептіргішке орналастырды. Біраз уақыттан кейін табиғи әрі пайдалы тіскебасар - жеміс чипстері дайын болды. Динара Шадринаның айтуынша, жемістер мен көкөністерді кептіру үшін арнайы құрал-жабдықтардың болуы міндетті емес. Оларды пеште немесе күн энергиясының көмегімен де жасауға болады. Барлығы дәм татып, жеміс чипстеренің пайдалы, оңай әрі дәмді шыққанын айтты.
18 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии