Қылмыскерлер жасанды интеллектті қалай қолданады?
ҚИнЭУ студенттері Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен кездесті. Әңгіме жасанды интеллекттің қылмыскерлер тарапынан қалай қолданылатыны төңірегінде өрбіді.
- Бүгінде жасанды интеллект кез келген салада - медицинада, білім беруде және құқық қорғау саласында кеңінен қолданылады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, кез келген технологияның оң және теріс жағы бар. Егер көбісі заманауи технологиялар игі мақсатта қолданылса, қылмыскерлер оларды өз пайдасы үшін пайдаланады: киберқылмыс, ақша мен деректерді ұрлау үшін, - деп атап өтті Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының жедел уәкілі Асемгүл Ерланқызы Балжакаева.
Цифрлық көмекші ретінде виртуалды офицер Айдос сөз сөйледі. Ол дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және дропперлерді қылмысқа тарту тәсілдері туралы айтып берді.
Спикер атап өткендей, егер азамат алаяқтық схемаға түсіп, дропқа айналса, білген-білмегеніне қарамастан, ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Іс-шарада нақты кейстер қарастырылып, студенттер жағдайларды модельдеу арқылы дроппер рөлінде тәжірибе жасап көрді. Қатысушылар алаяқтардың құралдарын, дропперлердің түрлерін, дипфейктер мен жаңа қауіптерді талқылап, киберқылмыстан қорғану жолдарымен танысты.
19 наурыз 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии