Ұлыс оң болсын!
Шуақты көктемнің ерекше күндерінің бірі - Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңелген Әз-Наурыз мейрамы келді!
Биыл Наурыз мерекесі Ораза айтпен тұспа-тұс келіп, халқымыз үшін қос қуанышқа айналды.
Дүйім жұрт бұл айтулы күнді орталық алаңда қарсы алды. Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті де киіз үй тігіп, Ұлыстың ұлы күнін қостанайлықтармен бірге сән-салтанатымен атап өтті.
Келген қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақтың бай салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Ән шырқалып, би биленіп, ұлттық ойындар ойнатылып, мерекенің көркі қыза түсті.
Сонымен қатар, мерекеде Dijital-киіз үйлер – цифрлық, заманауи технологиялармен жабдықталған киіз үйлер көпшілік назарын аударды. Бұл - дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі, Наурыз бен жасанды интеллекттің ғажайып үндестігі іспеттес болды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Әр шаңыраққа береке, бірлік, бақ-дәулет тілейміз!
22 наурыз 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии