Студенттік көктем келді!
Бүгін Қостанайда «Студенттік көктем-2026» дәстүрлі фестиваль-байқауы ресми түрде басталды. Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл іс-шара өңіріміздің жетекші жоғары оқу орындарының ең белсенді, ең шығармашыл, ең ұйымшыл студенттерін бір алаңға тоғыстырды. Биыл жоба жаңа форматта өтуде. Іс-шаралар сәуір айы бойы жалғасады. Студенттер бір ай бойы спорт, шығармашылық, поэзия, дебат, зияткерлік сайыстар, вокал, театр, хореография бағыттары бойынша бақ сынайды. Фестивальдің ашылу салтанаты жарқын әрі әсерлі өтті. Қостанай облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Абай Дүйсеков студенттерді «Студенттік көктем – 2026» фестивалінің басталуымен құттықтап, жастарға сәттілік тіледі. Білім мен өнерді қатар алып жүретін ҚИнЭУ жастары да бүгін сахнада жарқырап, өз өнерін көрсетіп, көрермендержің ыстық ықыласына бөленді. Студенттік көктем- бұл ерекше энергия мен жарқын сәттер алаңы екені алғашқы күннен-ақ байқалды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз. Ал біздің студенттерге - жеңіс!
6 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии