Стандарттар = қауіпсіздік
Бүгін ҚИнЭУ стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының студенттері DoDo Pizza компаниясының қонақ дәрісіне қатысты. «Стандарттар - бәсекелестік артықшылық» тақырыбындағы дәрісті аймақтық басқарушы Анна Шакина өткізді.
Кездесу барысында студенттерге: «Егер тағамның қалай дайындалғанын білмесеңіз, оны жейсіз бе?» деген сұрақ қойылды. Жауап нәтижесі көрсеткендей, көпшілік үшін тағамның дайындалу процесін, сақтау мерзімін және санитарлық талаптардың сақталуын білу аса маңызды.
- Тамақ өнеркәсібінде стандарттар – бұл қауіпсіздік, - деп атап өтті Анна Шакина.
Спикер компанияның қалыптасу тарихына тоқталып, жылдар бойы құрылған жүйе туралы баяндады. DoDo Pizza қатаң стандарттар негізінде жұмыс істейді екен: біртұтас рецепттер, бірізді қызмет көрсету талаптары және сапаны тұрақты бақылау.
Сонымен қатар, Анна Шакина басқару жүйесінің ашықтығына ерекше назар аударды. Компания асханаларында орнатылған онлайн-камералар арқылы кез келген клиент тапсырыстың дайындалу процесін бақылай алады. Сондай-ақ студенттер қатыса алатын жаңа амбассадорлық бағдарлама туралы да айтылды.
Аталған дәріс болашақ технолог мамандар үшін келесі аптада басталатын оқу практикасы алдында маңызды дайындық болды.
Іс-шара университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылып, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.
9 сәуір 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии