Жеңіс тұғырында
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Логистика» және «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламаларының студенттері Карина Казачук, Ажар Нурмагамбетова, Мерей Онайбекова, Артем Шушарин және Дмитрий Степаненко логистика бойынша жыл сайынғы Еуразиялық студенттік олимпиадада тамаша өнер көрсетті. Олимпиаданы ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблея жанындағы Университет ұйымдастырды.
Нәтижесі керемет. 12 жоғары оқу орындардың арасынан біздің команда алға шығып, бірінші орынды иеленді.
Олимпиада заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып онлайн форматта өтті. Оның мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, логистика мен экономикаға қызығушылықты арттыру, талантты жастарды қолдау және саланың өзекті мәселелерін шешуде тәжірибе алмасу.
Біздің студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Олардың білімдері, кәсіби шеберлігі және командалық жұмысы осы жеңіске жетудің басты кілті болды.
9 сәуір 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии