Шешендік өнер формуласымен бөлісті
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. Шешендік өнер. Өз-өзін таныстыру және жобаларды қорғау» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Іс- шараны ҚИнЭУ Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы ұйымдастырды.
Спикер - ҚР «Атамекен» ҰКП төралқасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы Александр Анатольевич Соболев.
Оның айтуынша, шешендік өнер - әр адамға өмірде қажет болатын дағдылардың бірі.
- Сабақта немесе конференцияларда сөйлеген кезде сіз әрдайым аудиториямен жұмыс істейсіз. Ең бастысы - ойды дұрыс жеткізу, тыңдаушыны сендіре білу және аудитория нені бірінші кезекте бағалайтынын түсіну, - деді ол.
Спикер көпшілік алдында сөйлеудің негізгі аспектілеріне тоқталды. Оның айтуынша, инвесторлар алдында жобаны қорғау кезінде сыртқы келбет, аудиториямен байланыс орнату, дауыс ырғағы және ең бастысы - шынайылық маңызды.
Сондай-ақ Александр Соболев оратордың тиімді формуласымен және шешендік өнердің негізгі қағидаларымен бөлісті. Алдағы аптада студенттер өз бизнес-жобаларын аудитория алдында қорғайды. Бүгінгі шеберлік сабағы олар үшін жақсы дайындық пен тәжірибе алаңы болды.
https://www.instagram.com/reel/DXEh0n0jIan/?igsh=Z2o2bmhlYmVtaTA1
13 сәуір 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии